Ақтауда азаматтардың жеке деректерін заңсыз алмақ болған адам сотталды

320

Күдікті 3 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Ақтауда азаматтардың жеке деректерін заңсыз алмақ болған адам сотталды Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі Қазақстан азаматтарының жеке деректерін заңсыз алмақ болған Ақтау тұрғынына қатысты сот үкімі заңды күшіне енгенін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Қылмыстық кодекстің 147-бабы 3, 4-бөліктері, 205-бабы 2-бөлігі және 208-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылықты жасауда кінәлі деп танылған Қазақстан азаматына қатысты Ақтау қаласы сотының үкімі заңды күшіне енді. Ол 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сотталған елдің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының маңызды нысандары болып табылатын мемлекеттік ақпарат жүйелеріне заңсыз қол жеткізуді жүзеге асырғаны тергеумен анықталды", - делінген хабарламада.

Фигуранттың ақшалай сыйақыға одан әрі үшінші адамдарға беру үшін ҚР азаматтарының жеке деректерін заңсыз алу фактісі толық дәлелденді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу