Ақтауда Әзербайжан азаматы қару сату кезінде қолға түсті

665

Тергеу барысында өзінің кінәлі еместігіне сендіруге тырысып, бірінші сотта ақталып шығады. 

Ақтауда Әзербайжан азаматы қару сату кезінде қолға түсті

Ақтауда Әзірбайжан азаматы қару сату кезінде қолға түсті. Оның контрабандалық қаруды Иранға өткізбек болғандығы анықталды, деп хабарлайды 24.kz.

Тергеу барысында ақтаулық өзінің кінәлі еместігіне сендіруге тырысып, бірінші сотта ақталып шығады. Алайда, күмәнді істі қайта қарау қажеттігін талап еткен  Маңғыстау облыстық прокуратурасының қызметкерлері  ақыры әділдікке қол жеткізді. Бұлтартпас дәлелдерді алға тартудың нәтижесінде Әзірбайжан азаматының қылмысы толық дәлелденді. Сөйтіп, қару сату арқылы пайда таппақ болған айыпталушы 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.    

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу