Ақтауда бағдаршамдар істен шықты

520

Жол кептелісі мен апаттың алдын алу үшін тұрғындар жол сақшысының қызметін атқаруға мәжбүр болды.

Ақтауда бағдаршамдар істен шықты Фото: куәгерден

Ақтаудағы 11, 12, 27, 31, 29 және 29А шағын аудандары арасындағы жол-көлік қозғалысы толығымен тоқтап қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Қала қиылыстарындағы бағдаршамдар істен шыққан. Бұл жағдай көлік қозғалысын қиындатты.

Сонымен қатар, 4, 5, 12 шағын аудандарының тұрғындары электр қуатының өшіп қалғанына шағымданды.

Ақтаудағы қарбалас 31 шағын аудандағы қиылыста болды. Бұл жолда көлік апаты тіркелді. Қала тұрғыны жағдайды өз қолына алып, жолға жүгіріп шығып, реттеушіге айналды. Куәгерлердің айтуынша, ол жағдайды реттеген. Бірақ әлеуметтік желінің кейбір қолданушылары өз еркімен жолды реттеген жігіттікі надандық деп сөкті.

"Ол бағытты дұрыс көрсетпей, көліктер жаппай соғысса, не болар еді? Адам шығыны болса, басымен жауап беретінін біле ме? Мұндайда тым белсенді болудың қажеті жоқ. Мұнымен айналысатын арнайы қызметкерлерді күту керек еді. Полицияның жұмысына араласып қажеті жоқ. Оқыс оқиғаның болмағанына қуану керек",- деп жазды куәгерлер.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу