Ақтауда бақша өнімдері делдалсыз сатылуда

856

Бұл бағаның түсуіне ықпал етпек. 

Ақтауда бақша өнімдері делдалсыз сатылуда

Ақтауда жеміс-жидек пен көкөніс, бақша өнімдерін тұтынушыға делдалсыз тікелей сататын сауда  орындарын ашылатыны жазылған болатын. Қазіргі күні бұл жоба жүзеге асып, шаруаларға 222 маусымдық сауда орны берілді. Мұндай шара жергілікті өнім өндірушілерге жағдай жасап, тұрғындардың азық-түлікті арзан бағада алуына мүмкіндік береді деп күтіліп отыр. 

"Өткен жылы Ақтау қаласы аумағынан  көкөніс және бақша өнімдерін сатуға 148 орын бекітілді. Бүгінде 67 орынға кәсіпкерлерден ұсыныс түсті. Сауда орындары Ақтау қаласынан жеті, Маңғыстау ауданынан екі, Қарақия ауданынан бес шаруа қожалығына берілді", – дейді қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіпті дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұрсейіт Айладыр.

Айта кететіні, жоба жүзеге асқанша жергілікті шаруаларға оның жай-жапсары мен тиімділігі түсіндірілген.

Көкөніс сататын делдалсыз маусымдық сауда орындары қараша айына дейін жұмыс істемек. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу