Ақтауда балабақша есепшісі 9 млн теңге жымқырғаны үшін сотталды

185

Ол 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. 

Ақтауда балабақша есепшісі 9 млн теңге жымқырғаны үшін сотталды Фото: telegram/Kozachkov offside

Ақтау қаласының прокуратурасы бюджет қаражатын заңсыз иемдену фактісін анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Тергеу барысында №39 "Хиуаз бөбекжайы" балабақшасының есепшісі мекеме директорының атынан банк құжаттарына заңсыз қол қойып, өзінің есепшоттарына мемлекет бюджетінен 9 миллион теңгеден астам қаражат аударғаны белгілі болды.

Соттың үкімімен есепші ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу