Ақтауда балабақшадан шу шықты

1190

Бүгін Ақтауда "Өркен" балабақшасының бір топ тәрбиеленушісін қабылдамай қойды, деп хабарлайды  Atameken Business.  

Ақтауда балабақшадан шу шықты

 Өйткені, олардың ата-анасы жаңа келісімшартқа қол қоймаған. Балабақша басшылығы осымен үшінші рет төлемақыны қымбаттатқан. Ал облыстық білім басқармасында мемлекеттің тапсырмасын орындап отырған балабақшаға қатысты құжаттамалық тексеріс жүргізілетінін айтты.

 Таңертең балаларды балабақшаға кіргізбей, абыр-сабыр болды да қалды. Ата-аналардың айтуынша, жаңа келісімшартқа қол қоймағандардың балалары бақшаға кірмеген. Ал жаңа келісімшарт бойынша төлемақы 4 мың теңгеге қымбаттаған. Алғашында он алты мың теңге, одан кейін жиырма бір теңге төлеп келген ата-аналар енді айына жиырма бес мың  теңге төлеуге наразы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу