Ақтауда балабақшаға қабылдау ережелері өзгерді

2744

Ақтауда балабақшаға қабылданудың жаңа ережесі іске қосылды. Ең басты өзгеріс, бұдан былай ата-аналар таңдаған мемлекеттік балабақша қанша уақыттан бері кезекте тұрса да, баланы қабылдамай қоюы мүмкін.

Ақтауда балабақшаға қабылдау ережелері өзгерді

Ақтау қалалық білім бөлімінің мамандары енді e.openmangystau.kz сайты арқылы да балабақша кезегіне тұруға  болатынын хабарлады. Бұрын кезекке тұру тек электрондық үкіметтің веб-порталы www.egov.kz сайты мен халыққа қызмет көрсету орталықтарында ғана жүзеге асатын.

Ата-аналар ұсынылған тізімнен балабақшаны өздері таңдай алады. Бірақ бос орны бар бақша тұратын жеріңізден алыс болуы мүмкін.

Білім беру бөлімінің айтуынша, egov.kz-те кезекке тұрғандар тізімі жойылмайды. Алайда ата-аналар e.openmangystau.kz сайтында кезекке қайтадан тұруға мәжбүр.

Шенеуніктердің айтуынша, егер бала желтоқсан айында үш жасқа толса, оларға бос орындары бар бақшалар тізімі ұсынылады. Егер  ата-аналарға ұсынылған мекеме ұнамаса, олардың мамыр айына дейін күтуге құқығы бар.

Үш жасқа толған балаға қаладағы мемлекеттік бақшалардан орын табылмаса, ата-ата мемлекеттік тапсырысқа ие жеке балабақшаларға жүгіне алады. Осылайша, жеке балабақшаға төлейтін ай сайынғы төлемнің бір бөлігін мемлекет өтеп береді.

Ақтауда барлығы 34 мемлекеттік және 41 жеке меншік балабақша, сондай-ақ үш мемлекеттік және  алты жеке меншік шағын орталық бар.

Мемлекеттік балабақшаның төлем мөлшері 13099 теңгені құраса, жеке меншік бақшаның бағасы айына 20 мыңнан 70 мың теңгеге дейін жетеді.

Мемлекеттік тапсырысты орындайтын жеке меншік мекемелердің жұмысын әкімдік бақылайды. Алайда, олардың барлығы мемлекеттік тапсырысқа ие емес. Осындай жекеменшік балабақшаларда медбикелер болмауы мүмкін. Себебі мемлекеттік тапсырысы жоқ бақшаның басшысы медбике қажет емес деп санаса, ол мұндай маманды жалдамауға құқығы бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу