Ақтауда қаласындағы жекеменшік балабақшалардың бірінің жертөлесінде қысқа толқынды пеш жанып кетті, деп жазады inbusiness.kz "Маңғыстау Медиа" сайтына сілтеме жасап.
Маңғыстау облыстық Төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша, 15 қараша күні сағат 08:10-да 22-шағын аудандағы балабақшадан түтін шығып жатқаны жөнінде хабарлама келіп түскен.
"Жертөледе қысқа толқынды пеш жанып кеткен. Сағат 08:29-да жану тоқтатылды. Зардап шеккендер жоқ. 4 өрт сөндіру техникасы мен 20 жеке құрам қызметкері жұмылдырылды", - делінген облыстық ТЖД хабарламасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу