Ақтауда балалар ауруханасында орын жоқ

311

Науқастар дәлізде жатуға мәжбүр.

Ақтауда балалар ауруханасында орын жоқ Фото: Ата-аналардан

Шағымданған ата-ананың айтуынша, емханада науқастарға жағдай жасалмаған. Емдеу мекемесінің басшылығы орын жетіспей жатқанын жасырмады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Себебі, қызылшаға күдікті балалар көп түсуде. Сондықтан 60 төсектік бөлімшеде қосымша 20 орын жасақтауға тура келген. Қазір аймақта эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз. Қызылшамен қатар, бронхиолит және пневмония аурулары да өршіп тұр. Соған байланысты жұқпалы аурулар бөлімшесін бірінші шағын аудандағы модульді стационарға көшіруге шешім қабылданған.

"Біз осы түнде дәлізде 8 ана болып жаттық. Өте салқын. Ингаляторды үйімізден әкелдік. Себебі: балаларға жетпейтін болды. Балаларымыз сырт киіммен ұйықтады",– дейді Ғалия Қайратқызы.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бибізада Дүйсенбаеваның айтуынша, қазір 835 науқас тіркеліп тұр. Оның ішіндегі 714-і, яғни 85 пайыздан жоғарғысы балалар болатын болса, 1 жасқа дейінгі балалар саны 191 болып тұр. Маңғыстау сырқат бойынша алғашқы орында тұр. Негізгі себеп: екпе алмау.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу