Ақтауда балаларға қол жүгірткен ер адам жазаға тартылатын болды

300

Әлеуметтік желіде Ақтау тұрғындары 28 а шағын ауданындағы балалар алаңында кішкентай қыздар мен ұлдарға қол жүгірткен ер адамды ұстағанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ақтауда балаларға қол жүгірткен ер адам жазаға тартылатын болды Фото: sputnik.kz

Оған екі әкімшілік бап бойынша хаттама рәсімделген. 

"Ол қыздарға қолын тигізіп, сүйген кездегі әрекетімен ұсталды. Бұрын ол балаларға шоколад сатып алып, бірге жүруді ұсынған. Ата-аналар алдымен учаскелік полиция бөліміне, содан кейін полиция басқармасына арыз жазды. Күдікті босатылды. Бұл адам 28 а шағын ауданында тұрады, барлық көршілер ол туралы білген. Оның маньяк, педофилге ұқсас әрекеттерінен шошып отырмыз", - деп хабарлады тұрғындар.

Бұл ақпаратқа Маңғыстау облысының полиция департаменті түсініктеме берді.

"25 шілдеде "102" кезекшісінің пультіне 28 а шағын ауданда, 1 үйдің жанында ер адамдар арасында төбелес болып жатқаны туралы шақырту келіп түсті. Учаскелік инспектор шақыртуға шықты. Әңгімелесу барысында 47 жастағы ер адам балаларға жабысып, қол жүгірткені белгілі болды. Аталған күдіктіге екі бап бойынша әкімшілік хаттама жасалды. ҚР ӘҚБтК 440-баптың 3-бөлігімен алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болу және 449-баппен қоғамдық орындарда қудалау", - деп мәлімдеді тәртіп сақшылары.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу