Ақтауда баспаханадағы ақауға байланысты 384 бюллетень тәркіленді

793

"Аманат" партиясының жанында "сызықша" түріндегі шартты белгі бірнеше учаскеден табылды. 

Ақтауда баспаханадағы ақауға байланысты 384 бюллетень тәркіленді Фото: inbusiness.kz

Облыстық мәслихатқа депутаттықтан үміткерлер белгіленген 384 бюллетеннен жарамсыз деп танылды. Бұл баспаханада бюллетеньдерді басып шығару кезінде кеткен ақау болды деген уәж айтылды. Осы оқиға бойынша сенімді өкілдер бұзушылық туралы актілер жасады, оған учаскелік сайлау комиссиясының төрағалары мен бақылаушылары қол қойды.

"Учаскелік сайлау комиссиясы бүлінген бюллетеньдерді жалпы саннан алып тастау туралы акт жасады. Себебі: баспахананың кінәсі анықталды", - деп хабарлады Ақтау қалалық сайлау комиссиясы өкілдері.                                              

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу