Ақтауда басына диван құлаған тұрғынға қатысты қылмыстық іс қайта тергелетін болды

144

Былтыр қаңтарда 11-шағын аудан 41-үйдің жанынан өтіп бара жатқан тұрғынның үстіне жоғарыдан диван құлаған болатын. 

Ақтауда басына диван құлаған тұрғынға қатысты қылмыстық іс қайта тергелетін болды Фото: r-factor.kz

Бас парокуратура Маңғыстау облыстық полиция департаментінің істі тоқтата тұру туралы шешімінің күшін жойып, оны Қылмыстық Кодекстің 99-бабы 1-бөліміне ("кісі өлтіру") ауыстырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сондай-ақ, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізген Маңғыстау облыстық полиция департаментіне полиция органдары басшыларының қызметін бағалау туралы мәселені қарау үшін, прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.

Еске салайық, былтыр қаңтарда 11-шағын аудан 41-үйдің жанынан өтіп бара жатқан тұрғынның үстіне жоғарыдан диван құлаған болатын. 

Соның салдарынан 39 жастағы азамат сал болып қалды. Науқас 8 ай бойы ауруханада жатып, ауруынан айыға алмай қайтыс болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу