Ақтауда базардың бір бөлігі өртеніп кетті

580

Ақтаудағы 22 шағынауданда орналасқан "Масат" базарында өрт болды.  

Ақтауда базардың бір бөлігі өртеніп кетті

Қызыл жалынды сөндіруге жүзден астам адам тартылды, деп хабарлайды Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті.

Департаментте хабарлағандай, базардағы өрт туралы сағат 6.55-те қоңырау түскен. Өрт салдарынан 17 сауда дүңгіршегі мен 14 контейнер, шатыр астындағы 60-қа жуық сөре жанып кеткен.

"Қызыл жалын 8.16-да сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жаумен күреске ТЖД-нің 65 қызметкері және 11 техника, мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметтерінің 10 қызметкері және 2 техника, медицина және апаттар орталығынан 3 қызметкер және 1 техника, 54 полиция қызметкері және 25 техника жұмылдырылды. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр", – деді облыстық ТЖД басшысының орынбасары Бекболат Әбдіқадыров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу