Ақтауда бетон күнқағардың құлауынан зардап шеккен адамға ота жасалды

417

1994 жылы туған науқас травматология бөліміне ауысқан

Ақтауда бетон күнқағардың құлауынан зардап шеккен адамға ота жасалды Фото: inbusiness.kz

Ақтауда подъезд кіреберісінің құлауынан жарақат алған 1994 жылғы зардап шеккен ер адам ауруханада дәрігерлердің бақылауында. Зардап шеккен адамның оң аяғына металлсинтез операциясы жасалды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

1994 жылы туған науқас травматология бөліміне ауысқан. Оң жақ аяғының төменгі үштен бір бөлігінің ашық сынуымен жеткізілді. Дәрігерлер зардап шеккен адамның жағдайы орташа екенін айтты. Жәбірленуші стационарлық емделуде. 
Естеріңізге сала кетейік, Ақтауда бетон қалқан құлаған кезде бір ер адам қайтыс болып, екеуі зардап шеккен.
Күнқағардың құлауынан зардап шеккен жұмысшылар оны бөлшектеумен айналысқаны белгілі болды.
Дәрігерлер зардап шеккендердің біріне алғашқы медициналық көмек көрсетіп, үйіне жіберген еді. Ал екіншісі Маңғыстау облыстық ауруханасына жатқызылған. Оның жағдайы орташа ауырлық дәрежесі ретінде бағаланады.
Бетон қалқан құлаған кезде қаза тапқан адамның бес баласы жетім қалды.                                                                                                                                                                                                                                                                

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу