Ақтауда бір күнде жауған жаңбыр айлық мөлшермен теңесті

562

Маңғыстау облысында бір күн жауған жауын-шашын мөлшері 13-ге мм жетті. Әдетте бір айда 10-13 мм жаңбыр қалыпты жағдай болып саналатын еді. Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай тұрғындарды сабырға шақырады.

Ақтауда бір күнде жауған жаңбыр айлық мөлшермен теңесті

"Қатты жауған нөсер жаңбырдың салдарынан көшелерді су басты. Бірінші кезекте автомобиль жолдарын кептіру қажет. Жолдағы кептелістер сейілтуіміз керек. Қала бойынша 7-8 орында кептеліс байқалады. Осыған байланысты, қала тұрғындарын сабырлы болуға шақырамын", - деді қала әкімі Нұрдәулет Игілікұлы.

Қазір шаһарда суды сору үшін 14 бірлік вакуумдық техника, 5 бірлік өрт сөндіру техникасы,130 адам жұмылдырылған. 20 жерде су сору жұмыстары жүргізілуде. 26 мың текше метр жаңбыр суы сорылды.

Қала әкімдігі жанынан құрылған штаб облыстық Төтенше жағдайлар департаментімен, КЖСА мекемесімен бірлесіп су сору жұмыстарын жалғастыруда.

Синоптиктердің болжауынша, Ақтауда жаңбыр бүгін түнге дейін толастамайды.

Тасым Жаңай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу