Ақтауда бір мектепте 30 егіз бала білім алады

507

Ақтауда Қасым мен Жомарт есімді егіз оқушы тұрады.

Ақтауда бір мектепте 30 егіз бала білім алады Фото: aikyn.kz

Ақтауда жаңа оқу жылында білім ұясының табалдырығын 7 егіз бала аттады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі 24KZ телеарнасына сілтеме жасап.

Жалпы, бір мектепте 30 егіз оқушы білім алады екен. Көпшілікті тәнті еткен мектеп табалдырығын биыл 7 егіз балақай аттады. Үшеуі – қазақ, қалған оқушылар орыс сыныбына қабылданды.  Асыл мен Айым 4-сыныпқа аяқ басты. Бір партада отырып, үй тапсырмасын бірге орындайды.

"Бізге бірге оқыған ұнайды. Біз өскенде екеуміз де дәрігер боламыз. Жасым 9-да. Мен цифрлық пән сабағын қатты ұнатамын", – дейді оқушы Асыл Хамидолла.

"Маған егізім қатты ұнайды. Ол маған қажетті кезде көмектесіп жүреді. Маған математика сабағы ұнайды. Сабағымды 4 пен 5-ке оқимын", – дейді оқушы Айым Хамидолла.

Ал, Роберт пен Маргарита биыл 5-сыныпқа барды. Ұл бала болашақта ІТ саласын бағындыруды армандаса, қыз бала: "Ұстаз боламын", – дейді.

"Сыңарыммен бір балабақшаға бардық. Қазір бір партада отырамыз. Сабақта бір-бірімізге білгенімізді айтып отырамыз", – дейді Роберт Кошевой.

"Бауырым мені үнемі қолдап, көмектесіп жүреді. Орыс тілі және әдебиет пәнін ерекше ұнатамын", – дейді Маргарита Кошевая.

Ақтаудағы №10 мектепте 2 213 бала оқиды. Ұстаздар: "Түрлі сыныпқа барған 30 егіздің сабақ үлгерімі жақсы", – деп отыр.

"Мектепте алғашқы жұмысты 1983 жылы бастадым. Сол уақыттың өзінде менде егіз балалар болды. Енді биылғы оқу жылы да ерекше болды. Біздегі қазақ-орыс сыныбында 7 егізіміз бар", – дейді бастауыш сынып мұғалімі Гүлжан Мәдиева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу