Мұндай таңғажайып жағдай Ақтау қаласындағы №12 жалпы білім беретін орта мектепте болды. Мектеп табалдырығын аттаған егіздерді оқушылар мен ұстаздар салтанатты шеру ұйымдастырып, қабылдады.
Алғашқы қоңырау соғу мәртебесіне ағайынды Мирас пен Диас Мұратовтар ие болды.
"Біздің мектепте бұрын-соңды мұндай жағдай болған емес. Бастапқыда мұғалімдерге кейбір егіздерді ажырату қиын болатын шығар, бірақ уақыт өте келе бір-бірімізге үйренеміз. Бастысы сапалы білім мен тәрбие беруге барымызды саламыз", – дейді мектеп директоры Жанат Анисова.
Мектеп басшылығының айтуынша, №12 орта мектепте инклюзивті бағыттағы жұмыстар тыңғылықты қолға алынып отыр.
Тасым Жаңай
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу