Ақтауда бір сыныптың түлектері түгел грант иегері атанды

636

Ақтаудағы физика-математиканы тереңдетіп оқытатын №11-лицейдің биылғы түлектерінің көбі мемлекеттік грантты жеңіп алды. 

Ақтауда бір сыныптың түлектері түгел грант иегері атанды Фото: google

Ал, 11-А сыныбында оқыған 23 оқушының барлығы жоғарғы білімді тегін оқитын болды. 

"Бір сыныпты бітірген  23 оқушының біреуі Түркия еліне, біреуі Италияның ЖОО-на грантқа түсті және екеуі Чехияға тіл курсын тегін оқуға жолдама алды. Осы түлектерден өзге 19 оқушымыз мемлекеттік білім грантының конкурсына қатысты. Барлығы да грант жеңіп алды", - дейді сынып жетекшісі Ұлхия Максимова.

Ал, келесі сыныпты бітірген 19 оқушының 16-ы мемлекеттік грант иегері атанған. Бұл жоғары көрсеткіш болып саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу