Ақтауда бір топ жігіт 2 жасөспірімді аяусыз тепкілеген

218

Жанжалды видеоға көпқабатты үйде тұратындардың бірі сырттай түсірген.    

Ақтауда бір топ жігіт 2 жасөспірімді аяусыз тепкілеген Фото: Видеодан скриншот/lada.kz

Ақтау қаласында кәмелетке толмағандар арасында төбелес болып, екі жасөспірім соққыға жығылды. Бұл туралы Lada.kz басылымы жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Басылымның жазуынша, оқиға қаладағы шағын аудандардың бірінде болған. Бір топ адам екі жігітке шабуыл жасап, оларды ұрып-соққан. Жергілікті тұрғынның бірі жастар арасындағы төбелесті үйінің терезесінен түсіріп алған.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, зардап шеккендердің жеке басы анықталды.

Олардың екеуі де 17 жаста. Қазір бұл фактіге қатысты тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Алдын ала дерекке сәйкес, шабуыл жасағандар жәбірленушілермен таныс болған. Жанжалдың мән-жайы мен себептері анықталуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу