Ақтауда бірнеше тұрғын үй кешені бұзылады

537

Тұрғын үй кешенін салушы "Интерьер Строй Ақтау" ЖШС-і.

Ақтауда бірнеше тұрғын үй кешені бұзылады Фото: лада.кз

Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы "Мұрагер" ТК- ін бұзу туралы сот шешімі бар екенін хабарлады. Тұрғын үй кешенін салушы "Интерьер Строй Ақтау" ЖШС-і. Құрылыс салушының бұл кешеннің құрылысына құқық белгілейтін құжаттары жоқ. Яғни жұмыс жобасына сараптама қорытындысы, құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама берілмеген.

Құрылыс тәртібін бұзғаны үшін Маңғыстау облысының ГАСК басқармасы ҚР ӘҚБтК баптарына сәйкес тиісті әкімшілік шараларын қабылдады.

"Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 244-бабына сәйкес, "Өз бетімен салынған құрылысты" бұзу туралы басқармамен жіберілген талап арыз Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2023 жылғы 23 қаңтардағы шешімімен қанағаттандырылды және Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 26 сәуірдегі қаулысымен заңды күшіне енді", деді Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Дәурен Өтепқали.

Басқарманың мәліметінше, бұзу туралы шешім осы құрылыс салушының тағы бір өз бетінше құрылысы - "Сұлтан" ТК-не де арналған.

""Сұлтан" ТК объектісі бойынша әкімшілік жазалау шаралары қабылданды және "Өз еркімен салынған" объектіні бұзу туралы заңды күшіне енген сот шешімі бар. "Ақ қала" ТК объектісіне қатысты да әкімшілік шаралар қабылданды және объектіні бұзу туралы талап арыз сот органдарына жіберілді", - деп мәлімдеді ГАСК басқармасы.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда Маңғыстау облысының экономикалық тергеу департаменті осы объектілерді салушыға қатысты "Алаяқтық" фактісі бойынша қылмыстық іс жүргізуде.                                                                                                                                     

"Қылмыстық істің қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнама шеңберінде осы объектілерге қатысты тиісті шаралар қабылданатын болады. Біздің облыс азаматтарына осындай жағдайға тап болмас үшін тұрғын үй сатып алу кезінде қаражат салуға қырағы болу қажеттігі туралы хабарлағымыз келеді. Осылайша, құрылыс салушыларда "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" ҚР Заңының талаптарына сәйкес қаражат тартуға рұқсат құжаттарының болуына назар аудару қажет", - деп қорытындылады Дәурен Өтепқали.

 

Естеріңізге сала кетейік, Ақтауда "Мұрагер" ТК салымшылары Президентке жүгінді. Олардың айтуынша, 2020 жылы "Мұрагер" тұрғын үй кешенінің құрылысына жүзден астам адам инвестиция салған, бірақ осы күнге дейін көпқабатты үй аяқталмаған. Бұрынғы басшылық олардың ақшасын иемденген, ал жаңасы компанияның шоттары бұғатталғандықтан нысанды аяқтай алмайды.

Салымшылардың айтуынша, Ақтау және Маңғыстау облыстарының әкімдіктеріне, облыс прокуратурасына және өзге де құқық қорғау органдарына бірнеше рет жүгінген. Бірақ қала әкімдігі " Интерьер Строй Ақтау " ЖШС-нің құрылыс жүргізуге рұқсат құжаттары жоқ екендігі туралы хабарланды.

Алданған үлескерлер бұрынғы құрылтайшылар мен директорлардың салымшылардың ақшасын иемденіп қашып кетуіне байланысты құрылыс жұмыстары тоқтатылғанын атап өтті.

"Көппәтерлі үйдің төрт қабаты салынып бітті, соңғы үш қабатты аяқтау қажет. Біз Президенттен мәселені шешуді сұраймыз.

"Мұрагер" ТК-нің салымшылары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа тағы да жүгінеміз",- дейді салымшылар.                    

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу