Ақтауда бортсерікпен жанжалдасқан ер адам айыппұлмен құтылды

173

Қаулы заңды күшіне енген жоқ. 

Ақтауда бортсерікпен жанжалдасқан ер адам айыппұлмен құтылды Фото: бейнежазбадан

Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік істі қарады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Сотпен анықталғандай, 2025 жылғы 20 сәуірде сағат 00:10 шамасында Ақтау қаласының әуежайында, ұшақ бортында қоғамдық тәртіпті бұзып, ұшақтың борт серігімен жанжалдасып, айналасындағыларға құрметсіздік танытып, қоғамға жат мінез-құлық көрсеткен.

Сот отырысында азамат өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін және оның асырауында 5 баласының барын ескеріп, айыппұл түріндегі жаза тағайындауды сұрады.

"Сот қаулысымен К. ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 55 048 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл тағайындалды", – деп үкім кесті сот.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу