Ақтауда борышкерлерден 280 млн теңгеден астам қаражат өндірілді

159

Ақтау қаласы прокуратурасының бастамасымен қабылданған шаралар аясында борышкерлерден 1 пәтер және 4 автокөлік тәркіленді.  

Ақтауда борышкерлерден 280 млн теңгеден астам қаражат өндірілді Фото: inbusiness.kz

Прокуратура органдарымен алиментті уақтылы өндіру және мемлекет пайдасына қаражатты қайтару мәселесіне ерекше назар аударылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"2025 жылы Ақтау қаласы прокуратурасының бастамасымен алимент алушылардың пайдасына 174 млн астам теңге өндірілді.

Кірістерін жасырып, ата-аналық міндеттерін орындаудан жалтарған 52 борышкер әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 19 борышкерге қатысты қылмыстық іс тіркелді", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар прокурорлық қадағалау актілерінің негізінде мемлекет кірісіне 108 млн теңгеден астам қаражат өндірілді.

Оның ішінде әкімшілік айыппұлдар, мемлекеттік баждар және салықтық берешектер бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу