Бейне авторы айтқандай, балалар футбол ойнады. Бір кезде ұлдардың бірі допты басқа балаға соқты.
“Сол кезде доп тиген баланың әжесі кіріп, немересіне тиісушін ұра бастады. Осы сәтте зардап шеккен баланың анасы қалада емес, әкесі жұмыста болған”, – дейді куәгер.
Полиция қызметкерлері осы мекен-жай бойынша тексеру жүргізгенін және дерек расталғанын хабарлады. Оқиға 14 шілдеде болды. Ал 15 шілдеде кешке ұрып-соққан баланың ата-анасы облыстық балалар ауруханасына жүгінді.
“64 жастағы әйелге ҚР ӘҚБтК - нің 73-1-бабымен денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру бойынша хаттама жасалды. Іс әкімшілік сотқа жіберіледі”, - деп мәлімдеді ведомстводан.
Енді кінәлі адамға 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынуы немесе 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.