Ақтауда дәрігерлер астан уланды: мейрамханадан мерзімі өткен 220 келі өнім табылды

511

Ақтауда дәрігерлер уланған мейрамхана қызметкерлерінің медициналық кітапшасы болмай шықты.

Ақтауда дәрігерлер астан уланды: мейрамханадан мерзімі өткен 220 келі өнім табылды Фото: inaktau.kz

Ақтау қонақ үйлерінің бірінде орналасқан мейрамханадағы ауызашарда уланған адамдардың жағдайы тұрақты. Олар ауруханада тиісті ем алды. 

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асылбек Шаровтың мәлімдеуінше, оқиғадан кейін мейрамхананың 21 қызметкері тексеруден өтті, нәтижесінде 7 адамның денесінде стафилококк анықталды, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

Сонымен қатар, 20 қызметкерде жалған медициналық кітапша болған. Ал төртеуінде мүлдем болмауына байланысты 24 адам жұмыстан шеттетілді.

“Тексеру барысында комиссия жарамдылық мерзімі өткен салмағы 220 кг өнімнің 73 түрін анықтап, жойды. "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодекстің 425-бабының 2 - бөлігіне сәйкес, адам денсаулығына зиян келтіруге әкеп соққан дерек жоспардан тыс санитарлық-эпидемиологиялық тексерулер жүргізу нәтижесінде анықталған. Санитарлық талаптарды өрескел бұзуға жол бергені үшін қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілерін анықтау мақсатында Ақтау полиция басқармасына хат жолданды”, - деді Асылбек Шаров.

Тамақтан уланудың алдын алу үшін гигиеналық ережелер мен тағамды дұрыс сақтауға қойылатын талаптарды сақтау қажет екенін атап өтті.

“Ең алдымен тағамның түсіне, иісіне және дәміне назар аударыңыз. Көгерген иісі бар тағамдарды, ісінген консервілер мен шырындарды, бүлінген көкөністер мен жемістерді тастаңыз, ашытылған сүт өнімдерін ұзақ уақыт сақтамаңыз.  Өнімді сатып алғанда, шығарылған күні мен жарамдылық мерзімін тексерген жөн. Тамақ дайындаған кезде де гигиенаны сақтауға тырысыңыз. Қоғамдық тамақтандыру объектілерінде немесе азық-түлік сататын сауда орындарында қандай да бір күдікті жағдайлар анықталған жағдайда, нақты фактілерді көрсете отырып, өтінішті Ақтау қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жазбаша түрде жіберуге болады”, - деп қорытындылады Асылбек Шаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу