Ақтауда дүкен тоналды (Видео)

1511

Ер адам сатушы қызды қылғындырған.  

Ақтауда дүкен тоналды (Видео)

Ақтауда ер адам дүкендегі сатушы қызды қылғындырып, тонап кеткен. Полицейлер қаскөйді ізін суытпай, қолға түсірді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Жергілікті полиция пультіне белгісіз біреудің дүкен иесін ұрып-соғып, ақшасы мен ұялы телефондарын алып кеткені жөніндегі қоңырау 22 сәуір күнгі түнгі 03:07 сағатта келіп түседі.

"Шақыруға полиция батальонының қызметкерлері барды. Күдікті қолға түсіп, кінәсін мойындады. Қазіргі күні ол ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128 бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді МО ПД баспасөз қызметі басшысының міндетін атқарушы Әйгерім Ибатуллаева.

Оқиға Ақтау қаласындағы 13 ықшамауданда болған. Бейнебақылау камерасына ер адамның қызды қылғындырып, ол есінен танып қалған кезде басынан теуіп кеткені жазылып қалған. Белгілі болғандай, қыз аман-есен, қазір өміріне төніп тұрған қауіп жоқ.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу