Ақтауда дзюдодан Азия кубогі өтеді

764

Турнирге Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Гонконг, Оңтүстік Корея, Моңғолия, Ресей және Испаниядан 250-ден аса татами шебері қатысады. 

Ақтауда дзюдодан Азия кубогі өтеді Фото: olympic.kz

18-19 шілде күндері Ақтауда "Маңыстау-арена" спорт кешенінде дзюдодан Т.Жолдыбаевты еске алуға арналған ерлер мен әйелдер арасында Азия кубогі өтеді, деп хабарлайды olympic.kz.

Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне сәйкес өткізілетін турнирге Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Гонконг, Оңтүстік Корея, Моңғолия, Ресей және Испаниядан 250-ден аса татами шебері қатысады.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне әлемдік рейтингте ұпайлар қосылады. 1 орын алған спортшыға 100 ұпайдан берілсе, 2 орын алған жүлдегерге 60 ұпайдан, 3 орын иеленген дзюдошыға 40 ұпайдан қосылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу