Зардап шегушінің анасының айтуынша, қызы мен тағы бір қыз бала жағалауға жақын жерде шомылған, бір сәтте оларға күтпеген жерден итбалық шабуыл жасаған. Қыздардың бірінің қолы, екіншісінің иығына тіс батқан.
"Біз итбалықтың жағалауда жүзіп жүргенін білмедік. Ол жүзіп келіп, кенеттен шабуыл жасады", - дейді зардап шегушілер. Төтенше жағдайға куә болған жағалаудағы ересектер көмекке келмеген. Қызы анасына қоңырау шалып, жағдайды түсіндіреді. Әйел екеуін де облыстық аурухананың қабылдау бөліміне жеткізді. Жарақат жерлер залалсыздандырылды. Енді вакцинация жасалады. Ата-аналар Маңғыстау облысының ТЖД-не 14 шағын ауданның жағалауынна құтқарушылардың кезекшілігін ұйымдастыру туралы өтінішпен жүгінді. Өйткені итбалықтардың адамға шабуыл жасауы алғаш рет емес. Сонымен қатар, қала тұрғындарын су жануарларына тимей, сақ болуға шақырды мамандар.
Тасым Жаңай