Қыркүйекте "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағында екі зауыт іске қосылады, деп хабарлайды khabar.kz.
Темірбетон зауыты Құрық портындағы құрылыс жұмыстарына қажетті өнім өндірмек. Кәсіпорын іске қосылған соң 200 жергілікті тұрғын еңбекпен қамтылады. Қазір жұмысшыларға арналған жатақхана салынып жатыр. Болат өнімдерін дайындайтын зауыттың құрылысы да аяқталуға жақын. Онда жылына 1200 тонна өнім өндірілмек.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу