Ақтауда екі жүзге жуық адамға несие рәсімдеген ұйымдасқан топ мүшесі сотталды

188

Нәтижесінде сотталушы И. жәбірленушілерге 41 237 252 теңге сомасында залал келтірілген.

Ақтауда екі жүзге жуық адамға несие рәсімдеген ұйымдасқан топ мүшесі сотталды Фото: zhalagash-zharshysy.kz

Ақтау қалалық сотында күдікке ілінген азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Mangystaumedia мәліметінше, тергеу органы оны ұйымдасқан топқа қатысып, алаяқтық жасаған (ҚК 262-бабы 2-бөлігі, 190-бабы бабы 4-бөлігінің 1,2)-тармағы) деп айыптады.

"Сотталушы И. "Каспий Банк" АҚ-да банк қызметкері бола тұра, ұйымдасқан топтың мүшесі болып, өзіне жүктелген қылмыстық рөлді атқарып, 13 жәбірленушіге несие рәсімдеген. Сонымен ұйымдасқан топпен 177 жәбірленушіге несие рәсімделген.

Жәбірленушілердің аттарына несие рәсімдеу барысында ақшалай алынған қаражатты қылмыстық топ иемденген, нәтижесінде сотталушы И. жәбірленушілерге 41 237 252 теңге сомасында залал келтірілген", - деп жазылған соттың хабарламасында.

Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің жауаптарымен, автонесие рәсімдеген шарттарымен, ақша аударымдарымен және өзге де істегі материалдармен дәлелденді.

"И. ҚК-тің 262-бабының 2-бөлігі, 190-бабының 4-бөлігі 1,2)-тармағымен, 58- бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - деп жазылған Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу