Ақтауда электросамокаттар жалға беріледі

732

Қазіргі күні 15 орын 100 самокатпен қамтылған.  

Ақтауда электросамокаттар жалға беріледі

Ақтау қаласының тұрғындары бұдан былай электросамокатпен жүрмек. Бұған дейін Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында іске қосылған жоба теңіз жағасындағы қалада қолға алынып жатыр, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

Жобаның орындаушысы – "JET Kazakhstan" компаниясы. Тұрғындар "JET" қосымшасын смартфонға жүктеп, самокатты жалға ала алады. Бұл қосымша елімізде наурыз айынан бастап Алматы, мамыр айында Нұр-Сұлтан қалаларында іске қосылған. Ал қазіргі күні Ақтау қаласында 15 орын 100 самокатпен қамтылып отыр. Әр тұрақта пайдалану ережелері мен QR-коды бар тақтайшалар бар.

"Бүгінгі күні қала бойынша 100 самокат шығарылды, бағасы әр минутқа 35 теңге, сондай-ақ, сапардағы жазатайым оқиғадан сақтау мақсатында самокаттар GPS-пен жабдықталған. Жылдамдықты 25 км/сағ-тан асыруға мүмкіндік жоқ. Маусым айының соңына дейін самокаттар санын 300 данаға дейін арттыруды жоспарлап отырмыз", - дейді компания өкілі М.Абелқасов.

Ақтау жаз мезгілінде келетін туристерінің көптігімен де ерекшеленеді. Электросамокатты жалға беру жобасы жергілікті халықты ғана емес, қала қонақтарын да қызықтыруы мүмкін. Сол сияқты, қозғалыс көлігі экологиялық ахуалға оң әсерін тигізіп, көлік тығынын азайтуға сеп болады деп күтіліп отыр.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу