Ақтауда ер адам аулада тұрған көліктің үстіне мініп секірген

208

Ер адамның жеке басы анықталды. 

Ақтауда ер адам аулада тұрған көліктің үстіне мініп секірген Фото: бейнеден скриншот

Оқиға куәгерлердің бейнекамерасына түсіп қалған.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға 32Б ықшамауданындағы 8-үйдің маңында болған. Видеода ер адам ойын алаңында алкогольдік ішімдік ішіп, содан кейін жақын жерде тұрған көлікке секіріп, оны күшпен теуіп, затты лақтырып, кейін қашып кеткені көрсетілген.

Ақтау қалалық ІІБ құқықбұзушылық 23 сәуір күні сағат 07:00-де жасалғанын хабарлады.

– Учаскелік полиция инспекторлары бірден көрсетілген мекенжайға шықты. Тәртіп сақшылары құқық бұзушыны анықтады, оның үстінен ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабының 1-бөлігі (Тыныштықты бұзу) бойынша хаттама толтырылды, деп түсіндірді департаментте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу