Ақтауда ер адам балаларының көзінше әйелін аяусыз ұрып-соққан

341

Облыстық полиция департаменті ер адамның іздестіріліп жатқанын мәлімдеді.   

Ақтауда ер адам балаларының көзінше әйелін аяусыз ұрып-соққан Фото: видео скриншот

Ер адамның әйеліне шабуыл жасаған сәті көпқабатты тұрғын үйдегі бейнекамераға түсіп қалған. Аталған оқиғаға қатысты Маңғыстау облысы полиция басқармасы пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Видеодан еркектің әйелінің қолын бұрып, ауызын жауып жатқанын көруге болады. Олардың жанында екі кішкентай бала бар. Ер адам жақын маңда бөтен адамдардың жоқтығына көз жеткізу үшін әйелді босатып, есікті ашып, жан-жағын барлайды. Сөйтіп ойға алғанын жалғастырмақ болады. 

Видеода ерлі-зайыптылардың жанынан тұрғындардың бірі өтеді. Видеодан әйел мен балалардың шыңғырып, жылаған даусы естіледі. 

Ер адам әйелді лифтке күштеп кіргізіп, шашынан тартып, жұлқылайды. Осы сәтте тағы бір тұрғын келіп қалып, әйел ер адамды қуып жібереді. 

Облыстық полиция департаменті ер адамның іздестіріліп жатқанын мәлімдеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу