Ақтауда ер адам бөтен көлікке кірпіш лақтырып, тас-талқан етті

548

Желіде оқиға орнынан түсірілген бейнежазба тарады.   

Ақтауда ер адам бөтен көлікке кірпіш лақтырып, тас-талқан етті Фото: ПетроМобиль

Ақтауда ер адам тұрғын үй кешенінің маңында тұрған біреудің көлігіне кірпіш лақтырып, тас-талқанын шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Lada.kz-ке сілтеме жасап. 

Видеодан ер адамның кірпішті бірнеше рет көтеріп, оны Nissan Primera көлігіне бар күшімен лақтырғаны көрінеді. Салдарынан көліктің алдыңғы әйнегі сынып, кузов бөліктеріне зақым келген. Басылымның жазуынша, көлік иесі орындалған жұмыс үшін ақы төлеуден бас тартқан болуы мүмкін.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 13 мамыр күні болған. Тәртіп сақшылары құқық бұзушының жеке басын анықтап, ұстады. Ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Қазіргі таңда ол уақытша ұстау бөлмесіне қамалды. Іс материалдары процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданған.

Бұдан бөлек бойынша Қылмыстық кодекстің 202-бабы бойынша бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру дерегі қылмыстық іс қозғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу