Ақтауда ер адам дүкендердің бірінде сатушы әйелге қол көтерді

77

Оқиға Ақтаудың 27-шағын ауданында болғаны айтылған. 

Ақтауда ер адам дүкендердің бірінде сатушы әйелге қол көтерді Фото: instagram.com/911.aktau

13 мамыр күні желіде Ақтаудағы дүкендердің бірінде агрессивті ер адамның сатушы әйелді бетінен ұрған сәті түсірілген видео тарады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Видеодан ер адамның әйелді жұдырықпен бар күшін салып ұрғанын көруге болады. Соққыдан кейін әйел әрең дегенде тұрып қалады. 

"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факт бойынша "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деді полиция өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу