Ақтауда ер адамды ұрлап әкетіп, басын шауып тастаған үш адам сотталды

228

Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған соты айуандықпен өлтірді деп айыпталған үш тұрғынға қатысты үкім шығарды. 

Ақтауда ер адамды ұрлап әкетіп, басын шауып тастаған үш адам сотталды Фото: istock

Ақтауда 59 жастағы ер адамды ұрлап әкетіп, басын кесіп, денесін бос жерге көміп тастаған үш қылмыскер бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қылмыстық іс бойынша екі айыпталушы 2024 жылдың мамыр айында ұсталды, ал үшіншісі қашып кеткендіктен, кейінірек қамауға алынды. Тергеу төрт айға созылды. Іс қазанның басында сотқа түскен. Айыпталушылар сотты алқабилердің қатысуымен өтуін сұраған. Тергеу барысында барлық айыпталушылардың қылмысқа қатысы бары дәлелденді.

Айыпталушылар 25, 16 және 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар жазасын орташа режимдегі колонияда өтейді. Сондай-ақ, сотталған екі азамат ағайынды болып шықты.

“Сот жәбірленуші тараптың азаматтық талап арызын қанағаттандырып, олардан марқұмның отбасының пайдасына 10 миллион теңге моральдық шығын мен 3,5 миллион теңгеден астам материалдық шығын өндірді. Сондай-ақ ағайындылардың әрқайсысы зардап шеккендер қорына 110 мың теңгеден төлейді. Ал үшінші сотталған 73 мың теңге төлеуге тиісті”, – деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу