Ақтауда ер адамнан 4 келі гашиш есірткісі тәркіленді

191

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.  

Ақтауда ер адамнан 4 келі гашиш есірткісі тәркіленді Фото: бейнежазбадан

Маңғыстау облысында аса ірі көлемдегі есірткіні жеткізу арнасы жойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері еліміздің оңтүстік өңірлерінен келген, каннабис тобына жататын аса ірі мөлшердегі есірткіні жеткізудің тұрақты арнасын жапты. 

Мамыр айының соңында Ақтау қаласында есірткінің заңсыз айналымына күдікті ер адам ұсталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында гашиш есірткісі салынған төрт пакет тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген есірткінің жалпы салмағы төрт келіден асады. 

"Осы факт бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ведомство есірткінің заңсыз айналымының кез келген фактісіне қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң шара қабылданатынын ескертеді", – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу