Ақтау қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 23 жастағы азаматтың барсеткасын жеке тінту кезінде жауынгерлік тапаншаға ұқсас зат табылды.
Бұдан әрі, ұсталған адамның тұрғылықты жері бойынша жатын бөлмесіне тінту жүргізу барысында бір атаусыз травматикалық тапанша, 720 РАК 9 мм, 40 Барнаул, 30 Гром, 12 калибрлі 6 “10Х24” деген жазуы бар 18 патрон тәркіленді.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігі бойынша Ақтау қаласы ПБ СДТБТ-де тіркелді. Күдіктіге қатысты тиісті мінез-құлық туралы жазылу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Сондай-ақ жоғарыда аталған автокөлік құралы айыптұраққа қамалды.