Ақтауда ер адамның үстіне диван құлады

536

Ақтауда 6 қабаттан лақтырылған диванның бір бөлігі өтіп бара жатқан ер адамның үстіне құлады.  

Ақтауда ер адамның үстіне диван құлады Фото: inbusiness.kz

39 жастағы жәбірленуші сол мезетте есін жия алмай, жедел жәрдем шақырылған, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Жәбірленушінің туыстарының айтуынша, оқиға 11 шағын аудандағы 41 үйдің жанында болды. Ол өз үйінің жанынан өтіп бара жатқанда, ойламаған жерден биіктен үстіне жиһаз құлаған.

Жігіт ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілді. Дәрігерлер зардап шеккен ер адамға мойын омыртқасының сынуы, жұлынның ауыр жарақаты, толық сал ауруына ұшырады деген диагноз қойды. Қазір науқастың жағдайы өте ауыр. 

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 114-бабымен денсаулыққа абайсызда зиян келтіргені үшін Ақтау полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Бүгінде жәбірленушінің туыстары куәгерлерді іздеп жатыр. Болған оқиғадан хабарыңыз болса, төмендегі нөмірге хабарласа аласыз:

  • +7 702 811 03 82.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу