Ақтауда ерлі-зайыпты қорқытып, 3 млн теңге талап еткен

404

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ақтауда ерлі-зайыпты қорқытып, 3 млн теңге талап еткен Фото: alash.kz

Ақтауда ерлі-зайыпты қорқытып алу дерегі бойынша кінәлі деп танылып, бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Олар өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып, жәбірленушілерден 3 млн теңге талап еткен.

Маңғыстау облысының прокуратурасы мәліметінше, сот 2026 жылғы 25 қыркүйектегі үкімімен Р. және А. есімді азаматтарды Қылмыстық кодекстің 194-бабы (Қорқытып алу) бойынша кінәлі деп таныған.

Тергеу барысында ерлі-зайыпты күш қолданумен қорқытып, интимдік қызмет көрсететін адамның клиенттері туралы мәліметтерді иемденгені анықталған. Кейін осы ақпаратты пайдаланып, жәбірленушілерден ақша талап еткен.

Сот үкімімен А.-ға 4 жыл 6 ай, ал Р.-ға 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Р.-ның жазасын өтеуі бір жылға кейінге қалдырылды.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу