Ақтауда "Жас Қанат" спорт кешенінің футбол алаңын жөндеуден өткізуге 80 миллион теңге көлемінде қаражат жұмсалмақ, деп хабарлайды prosports.kz.
Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов халық алдында есеп беру жиынында жергілікті спортшыларға қолдау көрсетілетіні туралы айтты:
"Біздің футболшылар өз алаңында ойнамайды. Біз оларды қайтарамыз. Өңірдегі спортты дамыту үшін барлық мәселелерді шешуіміз қажет. Сол себепті жергілікті кәсіпкерлермен "Мұнайшы" стадионының алаңын қалыпқа келтіруге 80 миллион теңге бөлу жөнінде келісімге келдік", - деді облыс басшысы Ералы Тоғжанов.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу