Ақтауда футбол ойнап зақым алған жасөспірім комаға түсті

517

Жасөсіпірім ойнап жүргенде футбол қақпасының темірі құлап, басына зақым келтірген. 

Ақтауда футбол ойнап зақым алған жасөспірім комаға түсті Фото: SN.kz

20 мамыр күні Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасына 16 жастағы жасөспірім түскен, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Баланың жалпы жағдайы түскен кезде бас ми жарақатына, ми шайқалуына байланысты ауыр тұрақты деп бағаланды. 

“Тексере келе, дәрігерлер ауруханада жатып, ем алу қажеттігін айтып, жасөспірім бала ауруханаға жатқызылды. 24 мамыр күні кешке баланың анасы ауруханаға келген. 5-7 күн жатып ем алу керектігі айтылса да, анасы дәрігерлерге ешқандай шағымым жоқ деп қолхат жазып алып кеткен”,– дейді саланың баспасөз қызметінің өкілі.

Жаөспірім 7 күн үйінде ата-анасының бақылауында болған. 

31 мамырда үйінде жүрген сәтте есінен танып, құрысу ұстамасы болған. Жедел жәрдеммен көмек көрсетілген соң Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер, қабылдау бөлімінде КТ зерттеуде бас миында инсульт белгілері бар екенін анықтаған. Комалық жағдайда жедел реанимация бөліміне жатқызылды. Емдеу протолколына сай тиісті ем-шара алып жатыр. Баланың жағдайы қазір таңда өте ауыр, қатаң жағдайда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу