Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асқан жоба Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырып, Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің мүмкіндігін кеңейтуге арналған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Контейнерлік хаб – Ақтау халықаралық теңіз портының аумағында орналасқан. Жоба 2 кезеңмен жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда алғашқы кезең аяқталып, 10 гектар аумақ қажетті инфрақұрылым мен заманауи техникалармен жабдықталған. Терминал жылына 120 мың контейнер өңдеуге қауқарлы. Қазір мұнда 40-тан аса адам жұмыс істейді
Былтыр мұнда 70 мыңға жуық контейнер өңделсе, биыл бұл көрсеткіш 90 мыңнан асады деген жоспар бар. Ал хабтың екінші кезеңі аяқталған соң, мұнда жылына 240 мың контейнер өңдеп, тасымалдауға мүмкіндік болады.