Ақтауда химиялық зауыт салынады

1480

Зауыт "Ақтау - теңіз сауда порты" арнайы экономикалық аймағында бой көтереді.

Ақтауда химиялық зауыт салынады

2020 жылы Ақтауда химиялық зауыт іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зауытты "Topan Chemical Industries" ЖШС салады. Серіктестік басшысы Ғайса Жұмалиевтің айтуынша, жаңа нысан каустикалық сода мен құрамында хлор өнімдері бар заттар шығарады. Жоба құны - 70 млн АҚШ доллары. Зауыт "Ақтау - теңіз сауда порты" арнайы экономикалық аймағында бой көтереді деп жоспарланған. Оның іске қосылуымен 120 жаңа жұмыс орны ашылатыны күтілуде. Компанияның басты міндеті - экологиялық талаптардың орындалуы.

Айта кету керек, зауытта қолданылатын мембраналық электролиз технологиясы бүгінде ең озық және экологиялық таза өндіріс әдісі болып табылады. Нысан 2020 жылы іске қосылмақ.

"Бұл өндірісті ашқаннан кейін мұнай-газ компанияларына, тау-кен өнеркәсібі компанияларына қажетті химиялық өнімдер - каустикалық сода, тұз қышқылы, кальций хлориді және натрий гипохлоритін бере аламыз. Бұл біздің өнеркәсібімізде белсенді қолданылатын өнім. Қазіргі кезде бұл өнімдерді көрші елдерден - Қытайдан, Ресейден импорттап жатырмыз. Бұл өнімді локализациялауды және өзімізде өндіруді қалаймыз", - дейді Ғайса Жұмалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу