Ақтауда инсульт алған сәби құтқарылды

463

Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасының дәрігерлері туғанына 39 күн болған нәрестені аман алып қалды.  

Ақтауда инсульт алған сәби құтқарылды Фото: inbusiness.kz

2022 жылы желтоқсан айында дүниеге келген сәби 13-қаңтар күні, ауыр халде балалар ауруханасының реанимация бөліміне жеткізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Нәрестені толық тексерген дәрігерлер "ми қан айналымы жүйесінің бұзылуы" диагнозын қойды.

“Туғанына 39 күн болған сәби "ми қан айналымы жүйесінің бұзылуы" диагнозымен ауруханаға түсті. Жедел субдуральды гематома, сол жақ миының ісінуі, инсульт алғаны анықталды. Жедел түрде шешім қабылданып, шұғыл түрде ота жасалды. 1 сағатқа созылған ота сәтті ая0талды”, - деді балалар нейрохирургы Ербол Кенжевалов.

Отадан соң, 10 күн реанимацияда жатқан  сәбиді ИВЛ аппаратта ұстап, қан-плазмасын құйып, ем-домын жасап, күні-түні бақылауда ұстады.

Жағдайы тұрақталғаннан кейін, нәрестені палатаға шығарды. Бала анасымен бірге травматология бөлімінде емін ары қарай жалғастырды. Жалпы жағдайы тұрақталғаннан соң дәрігерлер сәбиді үйіне жіберді. Бүгінгі күні сәби ата-анасы мен дәрігердің бақылауында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу