Ақтауда ірі тұрғын үй кешені өртенді

188

 15 адамды эвакуацияланды. 

Ақтауда ірі тұрғын үй кешені өртенді Фото: Ақтау қаласының баспасөз қызметі

29 тамыз күні сағат 06:02 шамасында Ақтаудағы 10 қабатты OTYRAR CITY тұрғын үй кешенінде өрт шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Тілсіз жауды Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті сөндірді.

– Үйдің 1-ден 10-қабатқа дейін 2 100 шаршы метрі жанған. Өрттің пәтерлерді шарпуына тосқауыл қойылды. Сағат 06:18 шамасында толықтай өрт сөндірілді. Өрт сөндіру қызметі келгенге дейін 60 тұрғын (оның ішінде 15 бала) ғимараттан өз бетінше шығып кеткен. ТЖД қызметкерлері 15 адамды эвакуациялады, оның ішінде сегізі бала. Зардап шеккендер жоқ, – делінген облыстық ТЖД хабарламасында.

Қазір өрттің себебі анықталып жатыр. Ал өртке оранған OTYRAR CITY тұрғын үй кешенін "K7 group" құрылыс компаниясы қалпына келтіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу