Ақтауда IT-хаб ашылады

652

Ақтауда биыл Маңғыстау облысының әкімдігі және инвесторлардың бірлесуімен IT-хаб ашу жоспарлануда. 

Ақтауда IT-хаб ашылады Фото: Казахстанская правда

Маңғыстау облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Айдын Хадиевтің айтуынша, IT - хаб құру облыстағы цифрландыру деңгейін арттырып, ақпараттық-коммуникациялық өнімдерді әзірлеуге көмектеседі.

“IT мамандарын оқытып, жаңа жобалар мен стартаптарды жүзеге асыру үшін гранттарды бөліп, жаңа жұмыс орындарын құру көзделіп отыр. Түпкі нәтиже – нарыққа сапалы ІТ мамандарды дайындап өңіріміздегі цифрландыруды жоғары деңгейге жеткізу. Бұл саланың дамуы Маңғыстаудың стартаперлеріне инвестицияларды тартуға, өнімдерін халықаралық деңгейге шығаруға пайдалы болмақ”, - дейді Айдын Хадиев.

Сондай-ақ, брифинг барысында спикер цифрландыру саласында атқарылған жұмыстар туралы айтып өтті. 2020-2022 жылдар аралығында "250+" бағдарламасына енгізілген 18 ауылдық елді мекенде талшықты-оптикалық байланыс желілері (ТОБЖ) технологиясы бойынша интернет және 4G мобильді интернет толық іске қосылған. Нәтижесінде Тәжен, Құланды, Сенек, Онды, Жыңғылды, Тұщықұдық, Шайыр, Шебір, Ақшымырау, Қызан, Батыр ауылы кең жолақты интернетке қосылған. Бүгінде Ақтау мен Жаңаөзен қаласын есептемегенде,  облыста ұялы байланыс операторларының 174 базалық станциялары қызмет атқарады.

Қоғамдық көліктер де кезең-кезеңімен цифрландыру жүйесіне өтті. 2022 жылдың қорытындысына  сәйкес, жолаушылардың басым бөлігі жол ақысын электронды түрде төлеген. Яғни, жолаушылар ыңғайлы және ашық төлем жүйелерін жасай алады. Сондай-ақ, автобус маршрутын электронды түрде бақылауға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу