Ақтауда кафе-барда оқ атқан ер адам сот алдында жауап береді

Бүгінде жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданған.   

Ақтауда кафе-барда оқ атқан ер адам сот алдында жауап береді Фото: lada.kz

Өйткені, сотқа дейінгі тергеу аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Облыстық прокуратураның мәліметінше, ер адамға ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі бойынша атыс қаруын қолдана отырып бұзақылық жасау бабы бойынша айып тағылып отыр.

Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберілді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігінде бес жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Жаза кеткен жөн, оқиға 8 шілдеге қараған түні Ақтаудың 7А шағынауданындағы барда болған. Екі келушінің арасында жанжал туындап, артынша ер адамдардың бірі қарсыласының бетіне оқ атқан. Оқиға сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Күдікті сол кезде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетілді.

Кейін қалалық прокуратура мейрамхана мен бар басшыларын қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу