Оқиға 28 шілде күні болған.
Тексеру нәтижесінде заң талаптарын бұзған азаматтарға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 582-бабының 1 және 2-бөліктері, сондай-ақ 583-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар рәсімделді.
Нәтижесінде оларға тиісті мөлшерде айыппұл салынды. Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі судағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
Мамандар шағын көлемді кемелерге рұқсат етілген жолаушылар санынан артық адам мінгізбеуді, құтқару кеудешесін міндетті түрде киюді және кеме қатынасы ережелерін бұлжытпай орындауды ескертті.