Ақтауда қайыршылықпен айналысып келген қылмыстық топ ұсталды

1677

Олардың бірі Грузия азаматы.

Ақтауда қайыршылықпен айналысып келген қылмыстық топ ұсталды Фото: lada.kz

Ақтауда қайыршылықпен айналысып келген ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы Маңғыстау облысы ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Полиция қызметкерлері қылмыскерлерді 26 ақпан күні қолға түсірген.

"Кеше қала полицейлері ұйымдасқан қылмыстық топтың үш өкілін ұстады. Олардың біреуі 1996 жылы туған Қазақстан азаматы. Оған ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 449-бабының 2-бөлігі бойынша хаттама толтырылды, – деп хабарлады аймақтық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Топтың бір мүшесі 1952 жылы туған ер адам желіде таралған бейнежазбадағы қайыршы болып шықты. Өзінің айтуынша, ол соқырлық диагнозы бар II топтағы мүгедек. Алайда қазір мүгедектігі туралы анықтаманы жоғалтып алып, қайта қалпына келтіруге құжаттарын тапсырып қойған.

"Ұйымдасқан қылмыстық топ ішінде Қазақстанның екі азаматынан бөлек қайыршыларды  қайыр тілейтін орындарға тасумен айналысқан Грузия азаматы да бар. Ол ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабының 1-бөлігі және 590-бабының 9-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды", –  дейді ведомствоның баспасөз қызметінен.

Еске сала кетсек, әлеуметтік желіде Ақтау көшелерінің бірінде қайыршының ақшасын алып жатқан әйел туралы  видео таралған болатын.

Маңғыстау облысы ІІД әйелдің мұндай қылмысы үшін бұрын да істі болғанын хабарлады. Бұл әйел де ұсталған қылмыстық топтың бір мүшесі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу