Ақтауда қайырымдылық жәшігіне жиналған ақшаға заңсыз діни сабақтар өткізілген

753

Осылайша қайырымдылық арқылы экстремистік ұйымдарға қаржылай демеушілік жасаған.  

Ақтауда қайырымдылық жәшігіне жиналған ақшаға заңсыз діни сабақтар өткізілген Фото: ernur.kz

Ақтаудағы сауда орындарында қойылған қайырымдылық жәшіктерінен жиналған ақша заңсыз діни сабақтар өткізуге жұмсалған. Бұл туралы Маңғыстау облысының полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

"Осы тектес жәшіктерге жиналған қаражаттың заңсыз діни сабақтар өткізуге жұмсалғаны анықталды. Сондай-ақ деструктивті діни ағымды жақтаушылар "қайырымдылық жинау" арқылы террористік, экстремистік ұйымдарға қаржылай демеушілік жасағаны туралы деректер де бар", - делінген полиция хабарламасында.

Маңғыстау облысының полиция департаменті заңсыз әрекеттер үшін Қылмыстық кодекстің 258-бабында жауапкершілік қарастырылғанын ескертіп, мешіттерде орналасқан арнайы қайырымдылық жәшіктеріне садақа жасауға кеңес берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу